Жедел жәрдем көліктері

Заманауи жабдықтар

Амбулаториялық, стационарлық, консультациялық және диагностикалық көмек

Біз жайлы мәлімет

"ШЫМФАРМ" медициналық орталық-жоғары сапалы медициналық көмек алуға болатын орын!

Жоғары дәрежелі мамандар:

  • Терапевт
  • кардиолог
  • невропатолог
  • хирург
  • оториноларинголог
  • офтальмолог

Заманауи жабдықтар мен озық технологиялар:

  • Цифрлық рентгенография
  • Ультрадыбыстық аппарат
  • зертхана
  • стоматология
  • лор комбайн

Сонымен қатар бізде сіздің денсаулығыңыз үшін күндізгі стационар бар!


Цифрлық басқару орталық

Гигиеналық стационар

Дәрігерлер және жоғарғы дәрежелі мамандар

#

Заманауи жабдықтар

#

Жеке зертхана

#

Жеке көзқарас

#

Педиаторлар

#

Процедуралық кабинет

Соңғы жаңалықтар

Балалардың қауіпсіздігі — ата — аналардың жауапкершілігі

Бүгінде жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын оқыс оқиғалар жиілеп кетті. Жоғары қабаттағы терезеден құлаған сәби, түтінге уланған бала, суға батқан жасөспірім, отқа күйген нәресте. Одан бөлек, ата-аналарының кәмелетке толмаған балаларын қараусыз қалдырып, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталып жатқан жағдайлар…Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл – әрине, жеткіліксіз. Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, үй телефоны, әке-шешесінің ұялы телефондары, мектеп телефоны толық жазылып, баланың фотосы жапсырылуы тиіс. «Менің мектепке барар жолым» кестесі анық сызылып, қандай көшелерден, қандай қиылыстан, қай үйлердің арасынан жүретіні қызыл бағытпен сызылып көрсетілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының әсіресе 1-2 сынып оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі керек. Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет. Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық. Иә, бала – сіздің көзіңіздің нұры, көңіліңіздің қуанышы! Дүниенің бар алтынына айырбастамайтын қымбатыңыз! Біздің көңіліміз балада болғанымен, баланың көңілі далада екені рас. Бала болған соң ойнайды. Білуге құштар болып, әр нәрсені бір түртетіні де әу бастан белгілі. Алайда жаза деген аяқасты. Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін қарапайым ережелерді жадыңызда ұстау артықтық етпейді. Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

Ата-анарға арналған ереже

– Балаларға тек жол қозғалысы ережелерін сақтауды ғана емес, сондай-ақ ерте жастан бастап ол ережелерді оқып, бақылауға және үйренуге үйрету керек. Ата-аналар мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың басты әдісі – балалардың ересектерді, ең алдымен ата-аналарды бақылап, соларға еліктейтінін ұмытпау керек. Көптеген ата-аналар мұны түсінбей, өздері балаларын дұрыс емес әрекетке үйретіп жатады. – Жүргін бөлікте балаңызбен бірге болсаңыз, шапшаң емес, жолды өлшенген қадамдармен қиып өтіңіз. Әйтпесе, сіз қауіпсіздікті бақылап, қамтамасыз ететін жерлерде асығып жүруге үйреніп аласыз. – Балаңызды алдыға жүгіртіп жіберіп, жолды өздігінен жүгіріп өтуіне жол бермеңіз. Себебі, ол жолда жан-жағына қарамай жүріп, соған дағдыланып алады. Сондықтан кішкентай баланы қолынан мықтылап ұстап өту керек. Өйткені, ол қолдан босанып шығуға тырысқан кезде, оны ұстап үлгересіз. Ал жазатайым оқиғалардың көбі осындай ережелерді сақтамағаннан болып жатады. – Балаңызды жан-жаққа қарауға үйретіңіз. Балада жолаяқтан алғашқы қадам баспас бұрын басын бұрып, барлық бағыттағы жолды тексеретін, қатып қалған әдет болу керек. Ол автоматты түрде осылай әрекет етуге үйренуі тиіс. – Баланы көлікті байқауға үйретіңіз. Кейде балалар алыстағы көлікті немесе мотоциклді байқамайды. Оған қашықтыққа қарауды үйретіңіз. – Балаңызды көліктің қалай қозғалатынын, жылдамдығын және бағытын бағалауға үйретіңіз. Оларға қайсы көліктің тік жолақпен жүретінін және қайсысының бұрылайын деп жатқанын анықтауға үйретіңіз. – Сондай-ақ, өзіңіз де ережені мұқият меңгеріп алыңыз. Және балаға кез-келген көлік түріне тек, ол тоқтап тұрған кезде ғана кіру және шығу керектігін үйретіңіз. Балаға көлік жүріп бара жатқанда неге секіріп мінуге немесе түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.

Оқушыларға арналған жолда жүру ережелері

1. Тек жаяу жүргіншілерге арналған жолмен ғана жүріңіз! 2. Көшені ескерту немесе «жаяу жүргіншілер өтпелі» деген арнай белгі тұрған жермен ғана қиып өтіңіз. Ал ондай белгілер жоқ болса, жүргіншілерге арналған жол бойымен қиылысқан жерден кесіп өтіңіз. 3. Көшеден өтетін кезде – солға, ал ортасына келгенде оң жаққа қараңыз! 4. Көлік қозғалысы реттелетін көшелерде және жолдарда, жүріс бөлігін тек бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда немесе қозғалысты реттеуші жүруге рұқсат берген кезде ғана кесіп өтіңіз. 5. Жақын келе жатқан көліктің алдын кесіп өтпеңіз! 6. Жолдың торабы немесе өтетін жер көрінбеген жағдайда, көшені жолдың шетінен оң жаққа қарай қиып өтуге және екі бағыт та анық көрінетін жермен кесіп өтуге болады. 7. Жолдан өтіп үлгермеген жаяу жүргіншілер қарама-қарсы бағыттағы көлік ағынын бөлетін сызықта тоқтап тұруы керек. Көшеден өтуді тек қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізген жағдайда және бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда ғана жалғастыра аласыз. 8. Аялдамада тұрған автобусты немесе троллейбусты тек өтуге рұқсат етілген орындарда ғана айналып өтіңіз, бірақ сонда да сақ болыңыз. Мұндай көлік құралын алдынан немесе артынан айналып өту қауіпті. 9. Жолдың бойында ойын ойнамаңыз және көшеде конькимен, шаңғымен және шанамен сырғанамаңыз. 10. Өтіп бара жатқан көліктерге жабыспаңыз және трамвайдың ілініс құрылғысына жабысып ойнамаңыз – бұл өмірге қауіпті! 11. Көк түсті жарық шамы жағылған немесе көк және қызыл белгілермен бірге арнайы дыбыстық сигнал беріп келе жатқан көлік құралдары жақындағанда, көшеден өтпеңіз. Ал егер сіз жол бойында болсаңыз, осындай белгі берген көліктерге жол беріп, өткізіп жіберіңіз де, жолды дереу босатыңыз. 12. Есіңізде болсын, балаларға тек 14 жастан бастап қана көшелер мен жолдарда велосипедпен жүруге рұқсат етілген.

1 санат Ұлттық Аккредиттеу

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Шымфарм» аккредитациядан сәтті өтіп, 1-ші санатқа ие болды, бұл біз үшін жоғары жетістік. Табысты аккредиттеу денсаулық сақтау мамандарының, әкімшілік персоналдың және мекеме басшылығының командалық жұмысы мен адалдығының нәтижесі болып табылады. Бұл институттың медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға ұдайы ұмтылу қабілетін көрсетеді.

Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ.

«Тәрбие - тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Бала адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны қайталайды. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып -соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата-ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. Үй қабырғасында зорлық көріп өскен балалар болашақта өз жанұяларында да соны істейді. Бұл тіпті отбасылық дәстүрге де айналып кетуі мүмкін. Яғни өз кезегінде тұқымқуалаушылық ауруға жалғасады. Жалпы, зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» осы мақсатта мектеп жасындағы оқушылармен Зорлық зомбылық туралы түсіндірме жұмыстары жасалынып, оқушылар өздерінде туындаған сұрақтарға жауап алды.

Мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңіл­дік­ке ие 15 санат қатарына кімдер және қалай кіреді:

Мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңіл­дік­ке ие 15 санат қатарына кімдер және қалай кіреді: ✅ балалар ✅ жұмыс істемейтін жүкті әйелдер ✅ баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) ✅ жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар ✅ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар ✅ мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар ✅ бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар ✅ мүгедектер ✅ зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері ✅ орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар ✅ жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар ✅ жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар ✅ жұмыс істемейтін оралмандар ✅ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда)сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар ✅ тергеу изоляторларындағы адамдар Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады: